Supplier information

GreenTAL (Алматы, KZ)
Green TAL – мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты аналар, балалар үйінің түлектері және ақыл-ойы бұзылған адамдар сияқты әлеуметтік осал санатқа жататын адамдарды оқытуға және жұмысқа орналастыруға бағытталған жоба.
Біз жұмысты 2015 жылы тоқыма бұйымдарын шығаратын цех ашудан бастадық. Қазіргі уақытта жоба ағаш және дәнекерлеу, тігін, киіз және киіз басу шеберханалары мен полиграфия сынды 4 бағытты қамтиды. Бүгінгі таңда жобамыздың әртүрлі бағыттарына 62 адам тартылған (оның ішінде 53-і әлеуметтік осал санатқа жатады). Тігін, ағаш және киіз басу цехтарының шеберлері эко сөмкелер, фирмалық аксессуарлар, ағаш жиһаздар мен интерьер бұйымдары сияқты ұлттық нақыштағы кәдесыйлар сияқты бірегей бұйымдарды шығаруда. Сәтті жүзеге асырылған Green TAL жобасы әлеуметтік кәсіпкерліктің еліміздің бизнес секторында лайықты бәсекеге қабілетті орнын иелене алатынын дәлелдейді.
«Green TAL» жобасы мемлекет басшысы тарапынан кең қолдау тапты. Қазақстан Республикасының Президенті ел экономикасын дамытудың маңызды векторларының бірі ретінде әлеуметтік кәсіпкерлікке үлкен көңіл бөлуде.